Архив событий

07/04/2015

А. Рахметулин БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Баскут Тунгакпен кездесті

07/04/2015

Бүгін Астанада Жоғарғы Сот ғимаратында Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы А.Рахметулин Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтарын жүзеге асырудағы уытты және қауіпті өнімдер мен қалдықтарды заңсыз тасымалдау мен көмудің жағымсыз салдарлары мәселелері бойынша арнайы баяндамашысы Б. Тунгакпен кездесті.

Алматы облыстық сотының судьялары Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесті

07/04/2015

Алматы облыстық сотының судьялары Ұлы Отан соғысының 70 жылдық мерекесіне орай «Алматы облысының ардагерлері» қоғамдық қорына 260 мың теңге көлемінде қаржы бөлді. Бөлінген қаражат ардагерлердің Астана және Мәскеу қалаларында өтетін салтанатты  шеруге қатысуға арналған киімдерін тігуге және жол шығындарына жұмсалды. Сонымен қатар облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе мамандары ҰОС ардагерлеріне және сот жүйесінде жұмыс істеген тыл еңбеккерлеріне бір күндік еңбек ақыларын бөлді.

Жоғарғы соттың қадағалаушы сот алқаларында жергілікті соттардың судьялары тағылымдамадан өтуде

07/04/2015

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот жүйесіндегі өзге де білім беру ұйымдарымен (Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институты, Судьялар Одағы, облыстық және оған теңестірілген соттардың оқу орталықтары) бірлесіп, республика судьяларының кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді.

Жергілікті соттар судьяларының жоғары сатыдағы соттарда тағылымдамадан өтуі сот жүйесіндегі үздіксіз білім беру тәсілдерінің бірі болып табылады.