Архив событий

08/04/2015

Қарағанды облысының адвокаттар алқасының бұрынғы адвокатына қатысты сот үкімі шығарылды

08/04/2015

Қарағанды қаласы Октябрь ауданының № 2 аудандық соты Қарағанды облысы адвокаттар алқасының бұрынғы адвокаты М. Блащенкоға қатысты ҚР ҚК-нің 177-бабының 2-бөлігі «а, в» тармақтары, 177-бабының 4-бөлігі «б» тармағы (адамдар тобының алдын-ала сөз байланысуы бойынша бірнеше рет жасалған алаяқтық), 321-бабының 1-бөлігі (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша қылмыстық іс қаралды.

Қ. Мәмидің ЕҚЫҰ/ДИАҚБ президенттік сайлауды бақылау жөніндегі миссиясының басшысы К.Йонкермен кездесуі өтті

08/04/2015

Бүгін Жоғарғы Сот ғимаратында Жоғарғы Соттың Төрағасы Қ.Мәмидің ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның Қазақстан Республикасында мерзімінен бұрын өтетін президенттік сайлауды бақылау жөніндегі миссиясының басшысы К. Йонкермен кездесуі өтті.

Кездесудің мақсаты – Қазақстандағы сайлау процесіне әзірлік және ұйымдастыру мәселелерін талқылау. Оның ішінде сайлау заңнамасын қолдана отырып, қаралатын істер бойынша шығарылған сот шешімдерінің тәжірибесіне баса назар аударылды. 

Ақмола облысы соттарының қызметі туралы «Сот төрелігі» атты электронды кітап әзірленді

08/04/2015

Ақмола облысының соттарының қызметі туралы «Сот төрелігі» атты электронды кітап жарық көрді. «Заң газетінің» Ақмола облысындағы меншікті тілшісі Қалкөз Жүсіптің авторлығымен шығарылған бұл кітап баспасөз беттерінде жарияланған облыс соттарының қызметі жайлы, судьялардың қызметіне қатысты мақалалардың жиынтығынан тұрады.

 Кітапта автор судьялар туралы, олардың сот төрелігін жүзеге асырудағы күрделі жұмысы туралы әңгімелеп, судьялардың өмірлік көзқарастары, сондай-ақ олардың құқық және оны қолдану туралы ойларын ашып көрсеткен.