Архив событий

23/04/2015

Өскеменде азаматтардың сайлау құқықтарын сотта қорғау мәселелері талқыланды

23/04/2015

Бүгін Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Азаматтардың сайлау құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Іс-шараға  ЕҚЫҰ-ның сайлауды бақылау жөніндегі миссиясының ұзақ мерзімді бақылаушысы А.Маркез және Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комисиясының төрағасы Е. Нәбиев қатысты.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік процестік кодексінің жобасы талқыланды

23/04/2015

Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қалалық сот судьялары мен аудандық және оған теңестірілген соттар судьяларының  қатысуымен Әкімшілік процестік кодекс жобасын талқылауға арналған семинар өтті.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Қанат Дүйсембиев ӘПК жобасы бойынша өзінің ескертулері мен ұсыныстарын атап өтті.

Мақтаарал ауданында Ұлы Отан соғысының ардагері, отставкадағы судья А.Бекназаровпен кездесу өтті

23/04/2015

Бүгін Мақтаарал ауданы соттарының бастамасымен Ұлы Отан соғысының ардагері, отставкадағы судья, «Үш би» төсбелгісінің иегері, Қазақстан Республикасының «Құрметті судьясы», Мақтаарал ауданының «Құрметті азаматы», жазушы Айтжан Тассейітұлы Бекназаровпен кездесу өтті. Бұл кездесу Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай  «Ардағым – ардагерім» іс-шарасының аясында өткізілді.