Архив событий

22/04/2015

Алматы облыстық сотының судьялары Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетті

22/04/2015

Алматы облыстық сотының төрағасы М.Таймерденов және облыстық соттың судьялары Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай, ҰОС-ның ардагерлері, тыл еңбеккерлері және сот жүйесінің ардагерлерімен салтанатты дастархан басында кездесті.

М.Таймерденов сот ұжымының атынан ардагерлерге сыйлықтар ұсынып, олардың «ерліктері келешек ұрпаққа үлгі» екенін атап өтті. Қонақтарға бақыт, бейбітшілік, денсаулық, ырыс-береке тіледі.

Майдангерлер мәңгілік құрмет төрінде

22/04/2015

Санаулы күндерден соң жер жүзінің халқы екінші дүние жүзілік соғыстың аяқталғанына 70 жыл толуын салтанатты түрде атап өтеді. Бұл Жеңістің тарихи маңызы, өркениетті мәні аса зор. Қызылорда қалалық сотының ұжымы да Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңіс мерекесімен құттықтауды назардан тыс қалдырмады. Осыған орай, судьялар қала тұрғыны, қарт майдангер Үсейін Ысқақовтың отбасында болып, қарияға құрмет көрсетіп, ұжым атынан сый-сияпат табыс етті.

Батыс Қазақстан облысының судьялары мен сот жүйесінің қызметкерлері тасқыннан зардап шеккендерге бір күндік жалақыларын аударды

22/04/2015

Батыс Қазақстан облыстық сотының ұжымы барлық қазақстандықтар секілді республиканың орталық облыстарында орын алған төтенше жағдайды үлкен қамығумен назарда ұстауда.

Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына бұл жағдай таңсық емес. 2011 жылы осы облыстың көптеген аумағы тасқын салдарынан едәуір зардап шеккен болатын. Сол кезде елдің түкпір-түкпірінен көрсетілген уақытылы көмек тұрғын үйлері мен мүліктерінен айырылған халыққа үлкен көмегін тигізді.   

Шығыс Қазақстан облыстық сотының ұжымы ардагерлерді келе жатқан мерекемен құттықтады

22/04/2015

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының судьялары мен сот қызметкерлері Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің үйлеріне барып,  Жеңіске 70 жыл толуымен құттықтады. Самар ауылында бар – жоғы 5 –ардагер - М.Ықласов, К.Қожаев, Э.Тваровский, В.Федосова, Н.Чумаков ғана қалды. Ардагерлерге гүл шоқтары және сыйлықтар табыс етілді. Сот төрағасы әр ардагердің өзінің жеке ерен ерлігі туралы тарихы бар – ол Ұлы Жеңіс тарихы. 92 жасқа толған ардагер Валентина Степановна майдан даласында  басынан  өткен оқиғасын айтып берді.