Архив событий

13/04/2015

Серік Ахметовке қатысты үйқамақта ұстау мерзімі ұзартылды

13/04/2015

Бүгін Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотында Серік Нығметұлы Ахметовке қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде үйқамақта ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхат қаралды.

Серік Ахметов ҚР ҚК-нің 176-бабының 4-бөлігі «б» тармағы (сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету), 311-бабы 5-бөлігі (пара алу), 307-бабы 4-бөлігі (қызмет өкілеттігін теріс пайдалану), 310-бабы 3-бөлігінде (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) бойынша айыпталып отыр.

Сот қызметін БАҚ-та үздік жариялау конкурсының қорытындысы шығарылды

13/04/2015

Бүгін Алматы қаласының Ұлттық баспасөз клубында сот қызметін үздік жариялаған журналистік жұмыстарға арналған республикалық конкурстың қорытындысы бойынша жүлдегерлерді марапаттау рәсімі болып өтті. Конкурсқа 2014 жылдың басынан 2015 жылдың 20-шы наурызы аралығында БАҚ-та жарияланған материалдар қабылданды.

Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі мен оның сыбайластарының күзетпен ұстау мерзімі ұзартылды

13/04/2015

Бүгін Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотында Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі  Мейрам Смағұлов пен оның сыбайластарының қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде  күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтініш қаралды.

Қаланың бұрынғы әкімі ҚР ҚК-нің 307-бабының 4-бөлігі, 307-бабының  3-бөлігі, 307-бабының  1-бөлігінде көзделген  (ауыр салдарға әкеп соққан, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану) сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін күдіктеніп отыр.

Қолжетімділік пен жылдамдық – хабарлама кепілі!

13/04/2015

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінде (бұдан әрі – Департамент) , электронды сот ісін жүргізу көшу бағытындағы жұмыстың қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге арналған мақсаттар айқындалды. Азаматтардың соттармен өзара іс-қимылын айтарлықтай жеңілдетуге бағытталған бірқатар жобалар іске асырылды. Атап айтқанда, сот органдарының интернет-ресурстарында электронды сот құжаттарын көруге арналған «Сот құжаттарымен танысу» онлайн сервисі (бұдан әрі – Сервис) іске асырылып, жұмыс істеуде.