Жамбыл облыстық сотында жаңа судьяларды таныстырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Жамбыл облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы А.Смайылов облыстық сот қауымына жаңа судьяларды таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 21 қарашадағы Жарлығымен Тараз қалалық сотының судья лауазымдарына Гүлфайруз Байқұлова, Нигора Умарова, Айнұр Үсенбаева, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына Гүлнар Ажақаева, Бақыт Сәрсенбиева және Руқия Ясарова, сондай-ақ Қордай аудандық сотына Әлібек Бәйтереков тағайындалды.

А.Смайылов жаңа тағайындалған судьялардың жұмыстарына сәттілік тілеп, залға жиналған судьялар мен мемлекеттік қызметшілерді облыстық сот төрағасы М.Бектұрғановтың атынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.

Источник: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі