Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы секторының бұрынғы меңгерушісі мемлекетке 14 400 000 теңге айыппұл төлейді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысының Сәтбаев қалалық сотында «Тұрғын үй-коммуналдық және жолаушылар көлігі бөлімі» ММ-нің шаруашылығы секторының бұрынғы меңгерушісі Ғ.Сүтбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша бір азаматша ағасының үйін ресімдеу үшін Ғ. Сүтбаевтан көмек сұраған. Ғ.Сүтбаев құжаттарды ресімдеу үшін 110 000 теңге көлемінде пара алған.

Аталған соттың 2015 жылғы 26 мамырдағы үкімімен Ғ.Сүтбаев ҚР ҚК-нің 366- бабының 2-бөлімімен (заңсыз әрекеттері үшiн пара алу) кінәлі деп танылды. Оған мемлекеттік қызметпен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойға айыра отырып, 14 400 000 теңге көлемде айыппұл төлеу түріндегі жазасы тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстықтық кодексінің  48 бабына сәйкес, Ғ. Сүтбаевтың меншігіндегі мүліктері қылмыс жасағанға дейін қылмыстық әрекетке байланысты емес болғандықтан, мүлкін тәркілеу түріндегі қосымша жаза тағайындауға жатпайды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі