100 мың теңге көлемінде пара алған мемлекеттік қызметші 6 млн. теңге айыппұл төлейтін болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қостанай қаласының №2 сотында қаржылық бақылау инспекциясының бас маманы Ж.Кендірбаеваға қатысты сот үкімі шықты.

Іс материалдары бойынша, Қостанай қаласы әкімдігі ұсынған тендерлік құжаттарды тексеру кезінде оның «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сәйкес келмейтін тұстарын  анықтаған Кеңдірбаева барлық конкурстық комиссия мүшелерін әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 100 мың теңге көлемінде пара алған.

Сот үкімімен Кеңдірбаева ҚР ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігі (пара алу) бойынша айыпты деп танылып, оған алған пара мөлшерінен алпыс есе артық көлемде, яғни 6 млн. теңге айыппұл салу түріндегі жаза тағайындалды. Сонымен қатар, сотталушыны мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, мүлкі тәркіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі