мемлекеттік қызметкер

Республика соттарында Мемлекеттік қызметші күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шаралар өтті

23/06/2017

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетай мемлекеттік қызметші күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өткізді.

Іс-шараға судьялар, жауапты сот қызметкерлері, сондай-ақ сот жүйесінің ардагерлері қатысты.

Әскери сот пен Маңғыстау облыстық сотында Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шаралар өтті

24/06/2016

Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай Маңғыстау облыстық сотында «Үздік мемлекеттік қызметші» атты облыстық конкурс өтті.

Конкурсқа Маңғыстау облысы соттарының мамандары қатысты.

Іс-шараны өткізудің мақсаты мамандарды еңбек-сүйгіштікке және  ынталылыққа тәрбиелеу болып табылады.

100 мың теңге көлемінде пара алған мемлекеттік қызметші 6 млн. теңге айыппұл төлейтін болды

24/07/2015

Бүгін Қостанай қаласының №2 сотында қаржылық бақылау инспекциясының бас маманы Ж.Кендірбаеваға қатысты сот үкімі шықты.

Іс материалдары бойынша, Қостанай қаласы әкімдігі ұсынған тендерлік құжаттарды тексеру кезінде оның «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сәйкес келмейтін тұстарын  анықтаған Кеңдірбаева барлық конкурстық комиссия мүшелерін әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 100 мың теңге көлемінде пара алған.

100 мың теңге көлемінде пара алған мемлекеттік қызметші 6 млн. теңге айыппұл төлейтін болды

23/07/2015

Бүгін Қостанай қаласының №2 сотында қаржылық бақылау инспекциясының бас маманы Ж.Кендірбаеваға қатысты сот үкімі шықты.

Іс материалдары бойынша, Қостанай қаласы әкімдігі ұсынған тендерлік құжаттарды тексеру кезінде оның «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сәйкес келмейтін тұстарын  анықтаған Кеңдірбаева барлық конкурстық комиссия мүшелерін әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 100 мың теңге көлемінде пара алған.

Сот сәулет құрылысы қызметкеріне қатысты үкім шығарды

04/06/2015

Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық соты  «Жарма ауданының құрылыс және сәулет құрылысы, сәулет бөлімі» ММ инспекторы болып жұмыс істеген азамат М.Әлшімбековті айыптау бойынша қылмыстық істі қарады. М.Әлшімбеков лауазымды тұлға бола отырып, өзінің қызметтік өкілеттілігін теріс пайдалану арқылы,  ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтерді енгізіп отырған. Ол «СМП-Алматы» ЖШС-нің есеп шотына ақшалай қаражатты заңсыз аударған, салдарынан мемлекетке  235 053 231 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Шығыс Қазақстан облысы ауылдық округының әкімі сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін сотталды

27/02/2015

Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха аудандық сотының үкімімен азамат Г. ҚР ҚК 366-бабы 1-бөлімінде (пара алу) көзделген  қылмысты жасағаны үшін   кінәлі деп танылды. Азамат Г. 4 500 000 (төрт миллион бес жүз мың) теңге айыппұл  салынып, мүлкін тәркілеп, мемлекеттік қызмет  және  мемлекеттік басқармаларының саласында  айналысу құқығынан өмір бойы айыру жазасы тағайындалды. 

Ақтөбеде бұрынғы бас мемлекеттік еңбек инспекторы сотталды

12/09/2014

         Бүгін Ақтөбе қаласының №2 сотында ҚР ҚК-нің 311 бабының 2 бөлімі, 24 бабының 3 бөлімі- 311 бабының 4 бөлімінің «а,г», 311 бабының 4 бөлімінің «б,г» тармақтарымен айыпталған М.А.Габидуллинге және ҚР ҚК-нің 311 бабының 4 бөлімінің «б» тармағымен айыпталған М.Ш.Жәмиевке қатысты қылмыстық іс қаралды.