Әскери сот пен Маңғыстау облыстық сотында Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шаралар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай Маңғыстау облыстық сотында «Үздік мемлекеттік қызметші» атты облыстық конкурс өтті.

Конкурсқа Маңғыстау облысы соттарының мамандары қатысты.

Іс-шараны өткізудің мақсаты мамандарды еңбек-сүйгіштікке және  ынталылыққа тәрбиелеу болып табылады.

Конкурс қорытындысы бойынша бірінші орынды Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кеңсесінің бас маманы Нұркен Кердешов иеленді. Екінші орынды Маңғыстау облыстық сотының бас маманы Мейірбек Нұрғалиев, үшінші орынды Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маманы Зәуреш Тастемірова жеңіп алды.

Конкурсқа белсене қатысқан Бейнеу аудандық сотының бас маманы Жасұлан Досмұханбетов пен Қарақия аудандық сотының бас маманы Алтынай Қайырболатқызына көрермендердің «көзайымы» атағы берілді. 

Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мерекелік жиынды Әскери сот әкімшісінің басшысы Нұрсұлтан Байтілесов барлық сот қызметкерлерін мерекемен құттықтады.

Ол өз сөзінде,  ҚР мемлекеттік қызметшілер күні мерекесін атап өту мемлекеттік қызмет беделін арттыруға, сонымен қатар Мемлекет басшысы белгілеген «халық пен мемлекетке қызмет ету бәрінен де жоғары» - мемлекеттік кәсіптік аппарат құру туралы негізгі қағидасын насихаттауға септігін тигізетінін атап өтті.

Кездесу барысында жұмыста кәсібилігімен ерекшеленген мамандар Әскери сот әкімшісінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Сонымен қатар сот әкімшісінің «Сот кабинеті» сервисі туралы үздік бейнеролик» атты бейне байқауының қорытындылары жарияланды. Байқау комиссиясяның шешімімен жүлделі 1 орын Өскемен гарнизонының әскери соты иеленді, 2 орын – Ақмола гарнизонының әскери сотына, 3 орын – Ақтөбе гарнизонының әскери сотына берілді.

«Ерекше сюжет» арнайы номинациясы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты марапатталды.

Қайнар: 
ҚР Әскери Сотының баспасөз қызметі