Республика соттарында Мемлекеттік қызметші күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шаралар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетай мемлекеттік қызметші күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өткізді.

Іс-шараға судьялар, жауапты сот қызметкерлері, сондай-ақ сот жүйесінің ардагерлері қатысты.

Салтанатты түрде мемлекеттік гимннің орындалуынан соң М.Әкетай Жоғарғы Сот Төрағасының атынан қатысушыларды кәсіби мерекемен құттықтады. М.Әкетай: «Мемлекеттік қызметшілерге, соның ішінде, болашақ судья болғысы келетін мамандарға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалғанын, бұл үшін тек қана ұлтқа қызмет етіп, еңбектеніп  алға ұмтылу керек», - деп атап өтті.

Ол Отанға адал қызмет ету, еңбекқорлық және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу сияқты алға қойылған нақты мақсаттарды еске салып өтті.

Іс-шара барысында жұмысқа жаңадан келген жас мемлекеттік қызметшілер ант қабылдап,  бұл күн олар үшін екі есе салтанатты бола түсті.

М.Әкетай Ақтөбе облыстық сотының маманы Пак Гәккуге мінсіз жұмысы үшін  3 дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» ведомстволық медалін табыстады.

Еліміздің тұрақты дамуы мен мемлекеттік қызмет беделін көтеруге қосқан зор үлестері Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасының Алғыс хатымен аймақтың 3 бірдей маманы марапатталды.

Ең үздік жұмыс нәтижелерімен ерекшеленген мамандар облыстық сот төрағасының Құрмет грамотасымен, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі департаменті төрағасының Алғыс хаттарымен   марапатталды.

Мұратғали Әкетай «Сот қызметкерлерін жоғары бағалау сот жүйесінің беделін көтеру бойынша қабылданған шаралардың нәтижесі», - деп атап өтті.

 

 

Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Жақсылық Аланов салтанатты жиынға қатысушыларды мемлекеттік қызметші күнімен құттықтады. Жақсылық Аланов: «Елімізің сот жүйесінің дамуы, халықтың сотқа деген сенімінінің  артуы сіздердің кәсіби біліктіліктеріңізге, іс-тәжірибелеріңізге, патриоттық сезімдеріңіз бен заңдылықты бұлжытпай сақтауызға, сіңірген еңбектеріңізге тікелей байланысты», - деді.

Аталған мерекеге орай лауазымдық міндеттерін үлгілі әрі адал орындап, еңбектегі жетістіктері үшін сот жүйесінің бірқатар қызметкерлері түрлі марапаттарға, құрмет грамоталары мен алғыс хаттарға ие болды.

Облыстық мемлекеттік қызметшілер арасында өткізілген ашық спартакиадаға белсенді қатысып, шағын футбол командасының құрамында үздік ойын көрсетіп, облыстық соттың намысын қорғап, бірінші орынға қол жеткізген  команда мүшелері де дипломмен  марапатталды.     

Іс-шара соңы сот қызметкерлерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Осыған дейін Маңғыстау облысы бойынша соттар әкімшісі «Үздік мемлекеттік қызметші» атты сот қызметкерлері арасында облыстық сайыс ұйымдастырған болатын. 

Облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардан іріктеліп, ең үздік деп танылған 19 үміткер сайыста бақ сынады.

Сайыс қорытындысы бойынша Маңғыстау облыстық сотының жетекші маманы  Гүлбаршын Берішбаева, Ақтау қалалық сотының сот приставы Болат Бисембаев марапатталып, оларға «Астана EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалау үшін билеттер берілді.

 

Алматы облыстық сотының төрағасы Мейрамбек Таймерденов сот мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Мемлекеттік қызмет жұмысының тиімділігі әрбір мемлекеттік қызметшіге, оның тәжірибесі, ұқыптылығы, сондай-ақ кәсіби және жеке тұлғалық қасиеттеріне байланысты. Сіздер әрқашан халықтың мемлекеттік қызметкерлерден кәсібилікті, жоғары деңгейдегі адамгершілікті, отансүйгіштікті, заңдылықты мүлтіксіз сақтауды күтетінін есте сақтауларыңыз керек», - деп атап өтті.

Салтанатты жиын барысында өз міндеттерін адал орындап, жоғары кәсібилігі үшін бірқатар мамандарды ІІ дәрежелі «Сот жүйесінің үздігі» және «Үздік мемлекеттік қызметші» ведомстволық марапаттармен, сондай-ақ, құрмет грамоталар және алғыс хаттармен марапаттады.

Салтанатты жиын облыс соттарының мамандары ұйымдастырған үлкен мерекелік концертке ұласты.

 

Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Нұрлан Қажғанов облыстық сотта өткен салтанатты жиында мемлекеттік қызметші бірінші кезекте мемлекеттің бет-бейнесі екеніні атап айтты.

Әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, жақсы нәтижеге қол жеткізіп, қызметтік міндеттерін сапалы атқаруға тілек білдірді.

Кәсіби мерекені атап өту шеңберінде әкімшілік мемлекеттік қызметкершілердің салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті. Н.Қажғанов мемлекеттік қызметті дамытуға және нығайтуға үлес қосқан сот жүйесінің бірқатар қызметкерлерін марапаттады.

 

Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметкердің жұмысы адамнан білімділікті, үлкен жауапкершілікті және шыдамдылықты талап ететіндігін атап айтты.

Ж.Рүстембеков барлық қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға сот жүйесінің дамуына қосқан қомақты үлестері және мемлекеттік қызметке деген адал еңбектері үшін алғысын білдіріп, зор денсаулық, амандық және Отанымыздың игілігі үшін барлық бастамаларына табыс тіледі.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидов, Жамбыл облыстық сотының судьясы Гүлнәр Сыздықова және облыстық соттың кеңсе меңгерушісі Әсел Жұматаева өздерінің құттықтау сөздерін жеткізді.

Салтанатты жағдайда облыстың мемлекеттік қызметшілеріне ведомстволық марапаттарды табыстау рәсімі өтті.

Сот жүйесінің дамуына қосқан қомақты үлесі үшін  Жоғарғы Соттың ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен Тұрар Рысқұлов аудандық сотының бас маманы Женіскүл Күлатаева, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгісімен Шу аудандық сотының бас маманы Зуракүл Ұнайбаева марапатталды.

Сот жүйесінің дамуына қосқан қомақты үлесі үшін Жамбыл облыстық соты төрағасының құрмет грамоталарымен Талас аудандық сотының мамандары Айман Тұтқышбаева және Динара Мэлс, Меркі аудандық сотының маманы Алма Тобажанова, Сарысу аудандық сотының маманы Ғазиза Данярова марапатталды.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің құрмет грамоталарымен соттардың мамандары Ақмарал Бойтанова, Айнұр Бекболатова, Шолпан Үтеева, Рауза Бекетова, Парида Бекбердиева, Бақыткүл Ережепова, Әсем Жазира, Әлібек Әбдіхаев және Нұрәлі Бексұлтан марапатталды.

Іс-шараның соңында Жомарт Рүстембеков барлық марапатталғандарды құттықтап, оларға алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

 

Солтүстік Қазақстан облысы соттарының командасы «ЭКСПО-2017» көрмесі және Мемлекеттік қызметші күніне арналған мемлекеттік қызметшілер арасында өткен облыстық спартакиадаға қатысты.

Салтанатты іс-шара облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың, облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжановтың, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қатысуымен А.Винокуровтың атындағы спорт сарайында өтті. Сайыс мини-футбол, волейбол, үстел теннисі, жеңіл атлетика, дойбы, гір спорты бойынша өткізілді.

Ойын қорытындысы бойынша облыс соттарының құрамасы футболдан бірінші орын алды. Гір спортында екінші орынды Есіл аудандық сотының сот отырысы хатшысы Манас Болат иеленді. Командалық есепте және жеке біріншілікте бірінші орынды Соттар әкімшісінің бас маманы Қайрат Бекхожин және Петропавл қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі Ажар Қоспанова иеленді.

Дойбы бойынша сайыста үшінші орынды Соттар әкімшісінің бас маманы Әсел Сәрсекеева және Петропавл қалалық сотының бас маманы Ержан Лұқпанов иеленді.

 

Шығыс Қазақстан облыстық соты мемлекеттік қызметшілер арасында байқау өткізді.

Байқау облыс соттарының қызметшілері арасында қолданыстағы заңдар мен соттарда іс-жүргізу ережелері туралы білімдерін анықтау  бойынша өткізілді.

Байқау комиссиясы жоғары деңгейдегі білікті де білімді кәсіби маманды  анықтады. Байқауға 15-тен астам  сот мамандары қатысты.

Аталған байқаудың нәтижесі бойынша бірінші орынды – Жарма аудандық сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы – Бибигүл Жәнібекова, екінші орынды – Катонқарағай аудандық сотының жетекші маманы – Назерке Тоқтарбаева,  үшінші орынды – Өскемен қалалық сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы Шалқар Жанбосынов иеленді. Байқаудың жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Ерғали Айтпай, өз сөзінде, мемлекетке қызмет ету қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімділік білдіру болып табылады  және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігі мен моралдық-әдеп  бейнесіне  жоғары талаптар қоятындығын атап өтті. Қоғам мемлекеттік қызметшіден барлық білімі мен кәсіби біліктілігін, қызметін өз Отанына адал және риясыз қызмет етеді деп күтеді.

Байқауды қорытындылай келе, Е.Айтпай қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғысын білдіре отырып, қызметте сәттілік пен жеміс тілей келе, сот қызметкерлерін мемлекеттік қызметтің дамуына зор үлес қосқандары үшін алғыс хаттармен марапаттады.

 

Әскери сот әкімшісінің басшысы Нұрсұлтан Байтілесов сот қызметкерлерін Мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтады.

Ол өз сөзінде  Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесін атап өту мемлекеттік қызмет беделін арттыруға, Мемлекет басшысы белгілеген мемлекеттік кәсіби аппарат құру туралы негізгі қағиданы насихаттауға септігін тигізетінін атап өтті.

«Тиімділік, нәтижелілік, меритократия, ашықтық, халықтың сұраныстарына бағдарлық қағидаттары Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде басты бағыттар ретінде белгіленген» - деді Н.Байтілесов.

Ол жұмыста кәсібилігімен ерекшеленген сот мамандарын ведомстволық наградалармен марапаттады.

Айталық,  ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен Әскери соттың Қаржы бөлімінің басшысы Жанар Уәлиева марапатталды. Соттар әкімшісінің жетекші маманы Сұнғат Жақсыбаев пен Ақмола гарнизоны әскери сотының жетекші маманы Жұлдыз Шайхыстан алғыс хатпен марапатталды.

Қайнар: 
жергілікті соттардың баспасөз қызметтері