Сот мемлекеттік органдардың өкілдерімен сындарлы пікір алмасу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді қарау. Сотқа дейінгі тергеу органдарымен қылмыстық істерді тергеу сапасы» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өткізді.

«Дөңгелек үстел» жұмысына Ақмола облыстық сотының судьясы Қ.Сабдин, сот төрағасы Б.Баймырзин, судьялар мен сот мамандары қатысты. Сонымен қатар, прокуратура, ішкі істер органдарының өкілдері мен адвокаттар шақырылды.

Отырыста алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істердің негізгі мәселелері талқыланды. Сотқа дейінгі тергеу органдары тергеу әрекеттерін өткізу кезінде жіберетін тәртіп бұзушылықтар атап өтілді. Мысалы, жәбірленушілер мен куәгерлерден жауап алу кезінде тәртіп бұзушылықтарға жол беріледі, оқиға орны сапасыз тексеріледі. Қорғаушы өкілдерінің және мемлекеттік айыптаушылардың назарына алдын-ала тыңдау барысында айғақтарды алып тастау туралы ұсыныстару беру жайы, басты сот талқылауын тағайындауға дейінгі, сондай-ақ процессуалды заң бұзушылыққа байланысты басқа да мәселелер ұсынылды.

Отырыс қорытындысы бойынша «дөңгелек үстелге» қатысушылар тарапынан тиісті ұсыныстар әзірленді.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі