Сот Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібін бұзған шетелдіктерге қатысты 128 іс қарады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының Шортанды аудандық соты ағымдағы жыл басынан бері Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 25 тарауында көзделген, яғни Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы режимінің белгіленген тәртібіне және Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық деректері бойынша 128 әкімшілік іс қараған. Сот тәртіп бұзғандардың ешқайсысын да жазасыз қалдырмаған, оларға 2 әкімшілік айыппұл және 126 әкімшілік қамау жазасы тағайындалған.

Мысалыға, Ресей азаматы Ю. Литвиенко 2013 жылдың 30 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының аумағында 2013 жылдың 19 желтоқсанына дейін ғана боламын деп тіркелген. Бірақ, белгіленген мерзімде ел аумағынан тыс шығып кетпеген, сөйтіп шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағында болуы тәртібін бұзған.

Ол 2014 жылдың қыркүйек айында құжат тексеру барысында ұсталған.

Сот қаулысымен азамат Ю.Литвиенко Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 394-бабы 3 бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған үш сөтке қамау жазасы тағайындалды. 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі