Солтүстік Қазақстан облысының судьялары 2014 жылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмыстың қорытындысын шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық сотында облыс соттарының 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында сот төрелігін іске асыру қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңесі өтті. Кеңес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының судьясы Дәулен Дәулетұлы Нұралиннің қатысуымен өтті.

Жиынды аша келе облыстық сот төрағасы М. Әкетай облыс соттарының қызметі сот төрелігін сапалы іске асырылуын қамтамасыз етуге, сөзбұйдалықты жоюға, судьялар әдебі нормаларының сақталуына, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайтуға, сонымен бірге Елбасының Қазақстан Республикасы судьяларының VI-съезінде қойған міндеттерін және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының аталмыш міндеттерді жүзеге асыру мақсатында берген нақты тапсырмаларын орындауға бағытталғанын атап өтті.

Солтүстік Қазақстан облысының соттары 2014 жылдың 6 айында аяқталған 9960 азаматтық істің ішінде 6485 істі шешім шығару арқылы қарады, 1049 іс бойынша өндіріс қысқартылса, олардың ішінде 182 азаматтық іс бойынша бітімгерлік келісім жасалды. Бірінші сатыдағы соттар шығарған шешімдердің 98,1%-ы заңды және негізді болып табылады. Бұл тұрғындардың тарапынан сот жүйесіне деген сенімнің артқанын білдіреді.Медиация институтын енгізу жұмысын жандандыруға байланысты облыс соттары 50 істі медиаторлардың қатысуымен қарады, салыстырмалы түрде алатын болсақ, 2013 жылы медиация бойынша тек 1 ғана іс қаралған болатын.

Облыс соттары 2014 жылдың 1-жартыжылдығында 8134 әкімшілік істі қарады. Әкімшілік істер бойынша сот актілерінің 99,9 %-ы заңды және негізді болып табылады.

Облыс соттары қылмыстық істер бойынша 2014 жылдың 1-жартыжылдығында 656 қылмыстық істі аяқтады, олардың ішінде 360 іс 473 адамға қатысты үкім шығару арқылы қаралды, олардың 97,1 %-ы заңды және негізді болып табылады.

Сот төрелігін жедел және сапалы іске асырылуын мүлтіксіз қамтамасыз ету мақсатында, қаралып жатқан істердің барлық санаты бойынша облыстық сот төрағасы М.Әкетай облыс соттарының азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сот ісін жүргізудің бекітілген қағидаларын қатаң сақтауды талап етті.

Сонымен бірге, кеңес барысында Жоғарғы Сот судьясы Д.Д. Нұралин облыс судьяларының алдына бірқатар бойынша нақты тапсырма қойды, олардың ішінде сот жүйесіне деген халықтың сенімін арттыру міндеті дер бар.

Жалпы айтқанда, облыс соттарының жұмыс сапасы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жақсарғанын атап өткен жөн.

Источник: 
Солтүстік Қазақстант облыстық сотының баспасөз қызметі