Ақтөбе облыстық сотының судьялары сот төрелігін жүзеге асыру жұмыстарының қорытындыларын жариялады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Ақтөбе ақпараттық орталығында» өткізілген брифингте облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқа төрағасы Нұрсапа Примашев, облыстық соттың судьясы Нұрила Сатыбалдина, Соттар әкімшісінің басшысы Әсет Мамбетов журналистерге облыс соттарының сот төрелігін жүзеге асыру бойынша 2016 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмыстарының қорытындысын жариялады.  

Е.Айтжанов брифингте Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары аясында іс-шаралар өткізу, сапалы сот төрелігін қамтамасыз ету мен сот жүйесін жаңғыртуға бағытталған тапсырмаларға тоқталып өтті.

Спикерлердің ақпараты бойынша, ағымдағы жылдың есептік кезеңінде облыс соттарында 760 қылмыстық іс қаралды. Соның ішінде сотталған 444 адамның 18,7 пайызы бас бостандығынан айырылған, яғни өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 8% аз.

Облыс соттарында барлығы 6021 азаматтық іс қаралды. 2015 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда істердің саны 352-ге артық. 3485 іс бойынша шешім шығарылса, 285 іс бойынша бітімгерлік келісімге келуіне байланысты істер өндірістен қысқартылған.

        2016 жылдың бірінші тоқсанында облыс соттарында 4434 әкімшілік іс қаралған, 2015 жылы – 5229 іс , яғни 795 іске кем.

Ағымдағы жылдың есептік кезеңінде барлығы 219 іс медиация тәртібімен қаралды, соның ішінде 142 қылмыстық және 77 азаматтық іс.

Н.Примашев Азаматтық процестік кодекстің кейбір новеллаларын түсіндірді. Атап айтқанда, ол сотта бітімгершілік рәсімдерді қолдану, сот төрелігіне қолжетімділік,  сот өндірісін жеңілдету және жеделдету, сот актілерін қайта қарау өндірісі, азаматтық сот ісін жүргізуде прокурордың, қорғаушының рөлдері, білікті заң көмегін қамтамасыз ету, электрондық сот ісін жүргізу және басқа да мәселелерді қозғады.

Соттар әкімшісінің басшысы сот ісін жүргізуде заманауи ақпараттық технологияларды қолдану, атап айтқанда, сот залдарын аудио-, бейнежазба жүйесімен жарақтандыру, «Сот кабинеті» сервисі мен бейнебайланыстың артықшылықтары туралы хабардар етті.

Спикерлер соттардың қызметі мен қоғамдық қызығушылық тудыратын істер туралы БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Қайнар: 
Ақтобе облыстық баспасөз қызметі