Шығыс Қазақстан және Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшілері меморандумдарға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Ерғали Айтпай өзара ынтымақтастық туралы  екі меморандумға қол қойды.

Біріншісі бойынша құжатқа «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының өңірлік  филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Азамат Есембулов қол қойды. 

Тараптар азаматтарға сот төрелігінің қол жетімділігін және ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың уақыты мен қаражатын үнемдеу, сот органдарының қызметтерін алуды оңтайландыру мақсатына жетуді көздейді.

Меморандум аясында тараптар Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты және Өскемен қалалық  соты ғимараттарында мобильді Халыққа қызмет көрсету орталығы бұрыштарын ұйымдастыру, сот ғимаратында Электрондық үкімет және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот порталдарының электрондық қызмет көрсету сервистерін қолдану бойынша азаматтарға кеңес беру, азаматтарға аталған электрондық сервистерді қолдану үшін қажетті Электрондық цифрлық қолтаңбасын беру, сот ғимараттарында мобильді ХҚЕО бұрышына қажетті орын бөлу, арнайы байланыс желісі және қажетті техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздікті және мобильді ХҚЕО қызметкерлерінің жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруға келісті.

Екінші - «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағат және  құжаттама басқармасы» ММ-нің басшысы Азамат Мұхамедшыновпен бірге өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бұл құжат мәдени-жандандыру жұмыстарын, мұрағат қызметін, тарихи, ғылыми, әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени айрықша маңызды құжаттарды сақтауды дамытуда ынтымақтастық мәселелерін қарастырады. 

Меморандум шеңберінде тараптар ғылыми - зерттеу және мәдени-білім беру  жобаларын бірлесіп әзірлеу және жүзеге асыру, соттың мұражайының тақырыптық-экспозициялық жоспарын жасау, мұражай залдарын толықтыруға қажетті экспонаттарды бірлесіп жинау, бірлескен жылжымалы және көшпелі көрмелер ұйымдастыру, жеке экспонаттар мен коллекциялардың көшірмесін жасауға ықпал етеді.

Шара барысында облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Айгерім Беккулиева мен облыстық соттың мұражайына жауапты қызметкер Сәуле Сейдахметова баяндама жасады. Баяндамашылар дәстүрлі, заманауи және аралас мұражай құрылымына, білім берудегі мұражайдың рөліне, мұражай экспонаттарының құндылықтарына тоқталды.

Екі жақты ынтымақтастық сот қауымдастығы мен облыстық тарихи-өлкетану музейі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының  арасындағы оң жұмыстың бастамасы болмақ.

 

Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Азамат Жұмамұратов пен облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Бақыткүл Бекмамбет өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Облыс бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Азамат Жұмамұратов Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында рухани жаңғыру үшін ұлттық ұлттық кодтың сақталуына айрықша мән берілгенін атап көрсетті. «Бүгінгі меморандум ұлттық мәдени мұраны сақтау, зерттеу және тарату, сондай-ақ ғылыми және мәдени-білім беру байланыстарын дамыту мақсатын көздейді», - деді ол.

Б.Бекмамбет мұражайлардың көбейгені – тарихтың ұрпақтан ұрпаққа зерттеліп, зерделеніп, сараланып жететіндігінің айғағы дей келе, бірлескен жобалар аясында тәжірибелік және іскерлік байланыстардың одан әрі  нығаятындығына сенім білдірді.

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі