Шығыс Қазақстан облыстық сотында «Жер учаскелерін дұрыс пайдаланбауға байланысты мемлекет мұқтажына алу» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семинар Жоғарғы Сот Төрағасының жер учаскелерін мемлекет мұқтажына алуға байланысты сот төрелігін сапалы жүргізуге бағытталған тапсырмасын орындау мақсатында ұйымдастырылды.

Модератор ретінде, жер және экологиялық құқық сарапшысы, WCEL IUCN экологиялық құқық бойынша Ғаламдық комиссия мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің аграрлық мәлелелері жөніндегі Комитеті жұмыс тобының сарапшысы, Қазақстан заңгерлер одағының мүшесі, Үкімет жанындағы жер комиссиясының халықты жер реформасы туралы ақпараттандыру бойынша жұмыс тобының хатшысы, заңгер - Ж.Б.Базарбек қатысты.

Семинар жұмысына Өскемен қалалық, Глубокое, Ұлан  аудандық соттарының судьялары,  бейне-конференц байланыс арқылы Семей, Зайсан, Аягөз, Зырян соттары және жер қатынастары саласындағы мемлекеттік органдардың, Әкімшіліктердің және прокуратура өкілдері қатысты.

Өз сөзінде, Б.Базарбек осы санаттағы істерді қарауға қатысты проблемалық мәселелер туралы қысқаша айтып өтті. Республика соттарымен қаралған істер жөнінде кеңінен тоқтала келе, практикадан нақты мысалдар келтірді.  Жер учаскелерін алып қою мен оны иеліктен шығару  мәселелері қаралды. Тараптар практикада  аталған санаттағы істерді қарау бойынша және де «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңның 67-бабы, 2-бөлігі талаптарына қатысты өзара пікір алмасты.

Семинардың соңында, аталған тақырыптың өзектілігіне байланысты барлық қатысушылар тарапынан біріңғай сот практикасын дайындау мақсатында алдағы уақытта осындай семинарларды өткізу қажеттігі туралы ұсыныстар білдірілді.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі