Шығыс Қазақстан облыстық сотында сақтандыру туралы дауларды қарау мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотында «Сақтандыру туралы заңнаманы қолдану арқылы дауларды қараудың сот практикасы» тақырыбында Жоғарғы Сот пен Халықаралық ынтымақтастық бойынша Герман қоғамы (GIZ) бірлесе ұйымдастырған халықаралық  семинар өз жұмысын бастады.

Семинар жұмысына Жоғарғы Сот судьялары Ербол Исмаилов пен Альфия Савинова, Германияның федералды әлеуметтік сотының төрағалық етуші судьясы Томас Фёлцхе, сарапшылар Алиса Котоянц және Майя Машер, сондай-ақ Астана, Алматы қалаларының, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар облыстарының судьялары, мемлекеттік органдардың, Жоғарғы оқу орындарының, заңгерлер қоғамдастықтарының, сақтандыру компанияларының, Ұлттық Банктің және өңірлік шаруашылық субьектілердің өкілдері қатысты.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров семинарды өткізудің маңыздылығын атап өтті. «Сақтандырудың заманауи моделі – талқылауды қажет ететін маңызды мәселелердің бірі. Семинарға қатысушылар шетел сарапшыларының,  әр түрлі сатыдағы соттар өкілдерінің қатысуы сақтандыру мәселелерін талқылаудың қажетті деңгейін қамтиды», - деді  Д.Әміров. Семинар барысында талқыланған мәселелер сақтандыру және залалды өтеуге қатысты құқықтық базаның бірыңғай құқық қолдану практикасын қалыптастыруда маңызы зор болатыны анық.  

Семинарға қатысушылар аталған тақырып бойынша маңызды мәселелерді талқылады. Сақтандыру компанияларының өкілдері өз тәжірибелері төңірегінде пікір алмасты. Германияның федералды әлеуметтік сотының төрағалық етуші судьясы Томас Фёлцхе өз елінің  сақтандыру тәжірибиесімен бөлісіп, сақтандырушыларға төтенше жағдай орын алғанда төленетін сақтандыру жарналары жөніндегі пікірімен бөлісті.

Семинар соңында  қатысушылар аталған тақырып аясында бірқатар ұсынымдар әзірлеуді жоспарлауда.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі