Шығыс Қазақстан облыстық сотында жәбірленушілердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотында ұйымдастырылған семинарда жыныстық тиіспеушілікті бұзушылық және оның себептері, осындай құқық бұзушылықтарды жасайтындар, соның  ішінде кәмелет жасқа толмағандарға қатысты қылмыстық істер бойынша жәбірленушілердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудегі сот практикасының мәселелері талқыланды.

Семинарға облыстық соттың судьялары, бейнебайланыс арқылы аудандық және қалалық соттардың судьялары, судья лауазымына үміткерлер қатысты.

Семинар барысында судьялар талқыланып отырған санаттағы істер бойынша сот практикасына талдау жүргізіп, осындай құқық бұзушылықтарды жасауға, соның ішінде осы қылмысқа кәмелетке толмағандардың  баруына ықпал ететін себептер талқыланды.

Талқылаудың нәтижесі бойынша: осы санаттағы қылмыстық істерді қарауда қылмыстың орын алу жағдайлары,  жәбірленушінің  мінез-құлқы, сондай-ақ орын алған қылмыстың салдары  әсіресе кәмелеттік жасқа толмаған және жасөспірім жәбірленушілерге қатынасты жасалған қылмыстың салдары ескерту керектігі, жаза тағайындағанда Қылмыстық кодекстің 24-бабын қатаң ұстану, қылмыстық істі толығымен зерттеу, заңсыз сынауды  болдырмау сияқты маңызды мәселелерді көтерілді.

  Судьялардың айтуынша, жыныстық тиіспеушілікті бұзушылыққа қарсы қылмыстар 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда жалпы саны 9-ға азайған,  барлығы 58-істі құраған.  Осы санаттағы істерге қатысты ҚК-нің, 122-бабы бойынша кәмелетке толмаған жәберленушіге қарсы жасалған қылмыстық істердің саны 2-ге өскен, керісінше жасөспірім жәбірленушілерге қатысты қылмыс саны 9-дан 4 іске азайған.

Семинар барысында судьялар аталған санаттағы істерді қарауда халықаралық құқық пактісі талаптарын сот пратикасында қолдану және аталған санаттағы істерді қараудың ерекшеліктері жөніндегі мәселелерді де талқылады.

Семинар ссоңында судьялар қажетті ұсынымдарды әзірлеп, бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастыру мақсатында осындай талқылаулардың қажеттігін атап өтті.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі