Сарыарқа аудандық сотына базалық соттың мәртебесі берілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларының, судьялардың,  кеңсе қызметкерлерінің кәсіби дайындық деңгейін арттыру, сот процестерін жүргізу мәдениетін жақсарту, сот төрелігін іске асыруды сапасын арттыру, тағылымдамадан өту жұмыстарын ұйымдастыруды жақсарту, іс қағаздарын жүргізу мен жұмысты ұйымдастыру мақсатында Астана қалалық соты төрағасының 2017 жылғы 10 тамыздағы өкімімен Сарыарқа аудандық сотына базалық соттың мәртебесі берілді.

Базалық соттар ретінде тұрақты жоғары көрсеткіштері бар, сот қызметін ұйымдастыра алатын, тәжірибелі және білікті кадрлары бар соттар анықталған.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында қалалық сот төрағасының келісім бойынша оқу орталығының оқу жылына арналған жоспарының негізінде үш бағытта оқу жүргізіледі: дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар.

Базалық сот соттардың басшыларының, судьялардың, соттар аппараттары қызметшілердің кәсіби дайындық біліктілігін арттыруға, жәрдемдесуге және аудандық және оған теңестірілген соттардың жұмысын ұйымдастыруда оң тәжірибені таратуға, сонымен қатар олардың қызметіне озық жұмыс әдістерін, қазіргі заманғы техникалық құралдарды енгізуге бағытталған.

Базалық соттардың институтын құру оң нәтиже берді, бұл тек базалық соттардың мәртебесін арттырып қоймай, тұтастай алғанда барлық соттарды жаңа деңгейге көтереді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі