Павлодар облыстық сотының төрағасы М.Смағұлов жас судьяларымен кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облыстық сотының төрағасы Мұхтар Смағұлов Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында бір жылдан үш жылға дейін еңбек өтілін құрайтын жас судьялармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында М.Смағұлов «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа деген  Жолдауында белгіленген маңызды басымдықтардың  бірі азаматтардың сот жүйесіне деген сенімдігін арттыру болып келетінін еске салды.  Ол «Облысының судьялар корпусы жүктелген міндетті іске асыруға бағытталған», - деп белгілеп өтті.

Облыстық соттың төрағасы еңбек өтілі 1 жыл құрайтын жас судьялардың  кәсіби қызметін бағалаудан өту қарсаңында алдағы бағалауға дайындық жұмысы барысымен, әр қайсысының отбасы-тұрмыстық жағдайымен танысып өтті. Ол судьяларды әрдайым сот төрелегін жүзеге асырудағы сапасын, өзінің кәсіби деңгейін арттыруды, жаңа судьялар әдеп Кодексінің нормаларын қатаң сақтауға шақырды.

Тәлімгерлерге жас судьяларға практикалық көмек көрсетіп, олармен кеңес өткізу ұсынылды.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі