Павлодар облыстық соты жас судьялар үшін рөлді семинар-тренинг өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Аталған іс-шараның мақсаты «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Ел басының халыққа деген Жолдауында белгіленген басымдықтардың  бірі азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыруды жүзеге асыру болып табылады. Аталған міндетті жүзеге асырудағы үлкен рөл ол судья тұлғасына, оның кәсіби және адамгершілік қасиеттеріне тиесілі.

Рөлдік сот отырысы барысында процесті жүргізу шеберлігі, адамдарды сотқа құрметтемеушілік танытқаны үшін жауапкершілікке тарту тәртібі көрсетілді, процеске  қатысушылармен мінез-құлық ережелерін сақтау мәселелеріне ерекші назар аударылды. 

Облыстық соттың төрағасы Мұхтар Смағұлов судьялар өз ішінде қарапайымдылық, парасаттылық, білімдарлық, жоғары мәдени деңгейі, адамгершілік сияқты жеке қасиеттерді дамыту қажеттігіне белгілеп өтті. Осының бәрі сот міндеттерін табысты жүзеге асыруға және әр сот ісін заңға сәйкес шешуге көмектеседі. Жас судьялардың назарын дау тараптарын татуластыруға шаралар қолдану қажеттілігіне аударылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша тренинг кейіпкерлері жіберілген қателіктерді талқылап, жас судьяларға сырт келбетіне қойылған талаптарды сақтау, сауатты, дәлелді сот актілерін дайындауға ұмтылу, сот процесін дұрыс ұйымдастыру, әрдайым өзін-өзі кемелдендіру, өз бетімен үйренуге, заңнамада бұзушылықтар жібермеу мақсатында қолданыстағы заңнаманы зерделеу қажеттілігіне назар аудару ұсынылды.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі