Парламент Мәжілісінің депутаттары С.Бычкова және А.Қожахметов Алматы қалалық сотының судьяларымен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қалалық сотында қылмыстық әділет саласындағы заңнамаларды жүзеге асыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету аясында Қазақстан Республикасының қылмыстық,  қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару заңнамаларын одан әрі жаңғырту мәселелері бойынша талқылау өтті.

Алматы қалалық сотының төрағасы А.Ештай іс-шараны аша отырып, кездесуде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары С.Бычкова және А.Қожахметов, сондай-ақ Алматы қаласының аудандық және оған теңестірілген қылмыстық юрисдикциялық соттарының төрағалары мен судьялары қатысып отырғанын атап өтті.

Талқылау ҚР Парламент Мәжілісінің алтыншы шақырылымы өкілеттілігін іске асыру мақсатында өткізіліп жатыр. «2016 жылы 18-қарашада «Заң үстемдігін қамтамасыз ету аясында Қазақстан Республикасының қылмыстық,  қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару заңнамаларын одан әрі жаңғырту» атты тақырыпта өтетін ҚР Парламенті Мәжілісінің екінші сессиясы аясында парламенттік тындауға дайындық жүріп жатыр», - деді А. Ештай.

Талқыланып отырған мәселе бойынша өз баяндамаларымен Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары А. Қожахметов, С. Бычкова, Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Б.С.Қараманов, қалалық соттың судьялары И.Федотова, Л.Бектемирова, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары сөз сөйледі.

Источник: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі