Оңтүстік Қазақстан облысында бес реформаны іске асыру барысын түсіндіруге арналған брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиалында «Бес реформаны іске асыру барысын түсіндіру» бойынша облыстық соттың төрағасы Н.Шәріповтың қатысуымен брифинг болып өтті.                                                                              

2016 жылғы 6 қаңтарда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт Жоспары – Қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында: 2016 жылдың 1 қаңтарынан  «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды. Мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді. Бұл заңдарды Ұлт Жоспарының екінші реформасындағы заң үстемдігін қамтамасыз ету бойынша сот жүйесіне қатысты 11 нақты қадамды іске асыру мақсатында Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Әбдразақұлы Мәмидің басшылығымен ауқымды жұмыстар атқарылды. Соның нәтижесінде, 16-26 қадамдардағы талаптар кезең-кезеңімен жүйелі түрде жүзеге асырылуда.             

«Жаңа Азаматтық процестік кодексіне және ҚР ҚПК, ҚР ӘҚБтК-теріне енген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, сот төрелігін атқарудың бес сатылы жүйесінен үш сатылы жүйеге көшіп, 16-қадамның талабы толық орындалды. Бүгінгі таңда, облыс соттары жаңа заңнама талабына сай үш сатылы жүйеде сот төрелігін жүзеге асыруда», - деп атап өтті Н.Шәріпов.                                                     Одан әрі төраға 17-қадамда айтылған «Судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайтуға байланысты, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңына 2015 жылғы 4 желтоқсанда енгізілген қажетті өзгерістерге сәйкес, аудандық соттың судьясы лауазымына кандидаттар жиырма бес жасқа толған, жоғары заң бiлiмi, жоғары моральдық-адамгершілік қасиеттері, мiнсiз беделі бар және әдетте, сот отырысының хатшысы, прокурор, адвокат ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілі не заңгерлік кәсібі бойынша кемiнде он жыл жұмыс өтілі болуы керек. Кандидат біліктілік емтиханын тапсырған, негізгі жұмыс орнынан қол үзіп, сотта ақы төленетін бір жылдық тағылымдамадан ойдағыдай өтіп, соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алған, полиграфологиялық зерттеуден өткен Қазақстанның азаматы тағайындалатынына және жаңадан тағайындалған судьялар үшін бір жылдық сынақ мерзімі енгізілгеніне тоқталды.

Сонымен қатар, 20-қадамда көрсетілген міндеттерге қатысты, Жоғарғы Соттың жанындағы департамент тарапынан барлық сот процестеріне аудиобейнетіркеу (бұдан әрі – АБТ) жүйесін енгізу және судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің жазбаны тоқтатуын немесе оның материалдарын редакциялауын болдырмау мақсатында АБТ-ның бағдарламалық қамту жүйесін жетілдіру бағытында жұмыстар жүргізіліп, былтыр облыста 33 сот залы АБТ жүйесімен жарақтандырылған болса, биыл олардың саны  46-ға жеткенін айтып өтті.

Осылайша, Нұрсерік Кәрімұлы 11 қадамның әрқайсысы бойынша  атқарылған жұмыстарға жеке-жеке тоқталып, сөзінің соңында Елбасымыздың мақаласында айтылғандай, Ұлт Жоспары бүгінде нақты іс-қимылға айналып, жергілікті соттардың күнделікті практикалық қызметінде жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.

Брифинг барысында  Н.Шәріпов БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі