Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында кадрлық өзгерістер орын алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының жалпы отырысында облыстық соттың төрағасы Нұрсерік Шәріпов  Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 25 мамырдағы Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметіне жаңадан тағайындалған судьяларды ұжымға таныстырды.                                  

Іс-шараға облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары және облыстық сот кеңсесінің басшысы қатысты.        Президент Жарлығымен Алшынбаев Аят Ерманұлы Төле би аудандық сотының судьясы қызметінен және Оңғарбаев Талғат Сайрам аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметіне тағайындалды.                                          

Сонымен қатар, жалпы отырыс барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 18 ақпандағы Жарлығына сәйкес Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының судьясы қызметіне жаңадан тағайындалған Төреханов Сәбит Оңдыбайұлы  ант қабылдады.             

Жиын соңында Нұрсерік Кәрімұлы қызметке жаңадан кірісіп отырған судьяларды құттықтап, өз міндеттерін абыроймен атқаруларына тілектестігін білдірді.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі