Облыстық сотта Қоғамдық кеңеспен бірлескен жалпы отырыс өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында судьялардың бос лауазымдарына жарияланған конкурсқа қатысатын үміткерлерді талқылау жөніндегі Қоғамдық кеңеспен бірлескен жалпы отырыс өткізілді.

Судья лауазымына үміткерлердің моральдық-адамгершілік қасиеттерін бағалайтын Қоғамдық кеңестің мәртебесін консультативтік-кеңесші орган деп белгілеген Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына енгізілген өзгерістерді ескере отыра, аталмыш отырыс алғаш рет жаңа нысанда өткізілді.

Кеңес құрамына құрметті отставкадағы судьялар, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бұрыңғы депутаттары, «Нұр Отан» партиясының және БАҚ өкілдері кіреді.

Отставкадағы судья Тамара Михайловна Дмитриева жаппай дауыс беру нәтижесінде Кеңестің төрайымы болып сайланды.

Жалпы отырыс қызмет атқарып жүрген 11 судьяның және судьялыққа 4 кандидаттың кандидатураларын талқылады.

Судьялардың бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеудің негізгі  өлшемдері - жоғары білім деңгейі, моральдық-адамгершілік қасиеттері мен мінсіз беделі.

Үміикерлердің іскерлік әрі жеке қасиеттеріне, судьяның беделі мен қадір-қасиетіне кір келтіретін немесе сот төрелігін адал, әділ және бейтарап іске асыратынында күмән туғызатын мән-жайларға, сондай-ақ үміткерлердің тәжірибелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен бірге СҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасына, Әділет департаментіне, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің басқармасына үміткерлерге қатысты сұратулар жіберілді.

Қоғамдық кеңеспен бірлескен жалпы отырыстың қорытындысы бойынша судьялық бос лауазымдарға конкурсына қатысуға 9 үміткерді ұсыну туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, бір үміткердің кандидатурасы жалпы құзыры бар соттарға, қылмыстық істерді қарайтын соттарға ұсынылып, экономикалық соттарға ұсынудан бас тартылды.

Алты үміткерге теріс ұсыныс берілді.

Источник: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі