Мүгедек әскери қызметшінің құқықтары қорғалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қалалық соты С.Т.Қаратаевтың ҚР ІІМ ішкі әскерлерінің 5511 әскери бөліміне денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі талабы негізінде ай сайынғы жоғалған еңбекақыны өндіру туралы іс қаралды.

Талапкер қызметтік міндетін атқару барысында, яғни, 2011жылдың  29 желтоқсанында сотталғандардың жасырған және тыйым салынған заттарын табу, оларды тәркілеу барысында оң жақ көзіне келтірілген ауыр жарақатқа сүйене отырып, жоғалтқан еңбек ақыны 2015 жылғы қаңтар айынан бастап зейнет жасына жеткенге дейін оған ай сайын 26 604 теңге төлеп тұру туралы талап арызбен сотқа жүгінді. Сот – дәрігерлік сараптау қорытындысы бойынша оған ауыр дене жарақаты келтірілген.

Ішкі істер департаментінің дәрігерлік комиссиясының шешімі негізінде диагноз расталған және талапкер әскери қызметке жарамсыз деп танылған.

Медицина-әлеуметтік комиссиясының шешімі негізінде талапкер кәсіби еңбек қабілетінен 59%-ға айырылған 3-топтағы мүгедек деп танылған.

2015 жылғы 19 ақпандағы куәландыру қорытындысымен С.Т.Қаратаев үшінші топтағы мүгедектігі біржолата расталған. Алайда, талапкердің пайдасына шешілген әрі заңды күшіне енген сот актісіне қарамастан жауапкер төлемақы төлеуден бас тартқан.

Жарақатқа дейінгі орташа еңбекақы 90 183 теңгені құраған. Қазіргі таңда алатын зейнетақының мөлшері 14 667 теңге. Жоғалтқан еңбекақының көлемі 53 208,5 теңгені құрайды.

Жоғалтқан еңбекақы мен алып жатқан зейнетақының ара – жігі  38 542 теңгені құрайды.

Осының бәрін ескеріп, С.Т.Қаратаевтың талабы қанағаттандырылды. Талапкердің пайдасына жоғалтқан қызметақысы 26 604 теңге қаражат көлемінде ҚР ІІМ ішкі әскерлерінің 5511 әскери бөлімшесінен ай сайын 2015 жылғы 29 қаңтардан бастап зейнет жасына жеткенге дейін төленетін болды.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі