Маңғыстау облыстық сотының судьялары журналистердің сұрақтарына жауап берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Баспасөз мәжілісіне Маңғыстау облыстық сотының төрағасы қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Е.Қарабаев, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы  Ғ.Бастаубаев, БАҚ-пен байланысын үйлестіруші судья А.Молбаева, Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары  А.Калпаков  қатысты.

Шара барысында сөз алған Е.Қарабаев қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі көрсеткіштері туралы баяндап, тергеу судьясының институты туралы айтты.  «Елімізде  2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастаған тергеу судьясы қылмыстық іс жүргізудің сотқа дейінгі сатыларында адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын негізсіз шектеуге жол бермеуге бағытталған қызметті жүзеге асырады. Ұлт Жоспарының 22-қадамын іске асыру шеңберінде биылғы қаңтардан бастап, тергеу судьяларына қарауды, алуды, тінту мен жеке тінтуді санкциялау секілді бірқатар қосымша өкілеттіліктер берілді», - деді алқа төрағасы. 2016 жылғы 12 айда тергеу судьяларының қарауына 1568 материал келіп түскен. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3 есеге артқан.

Азаматтық және әкімшілік істердің статистикалық мәліметтерімен таныстырған Ғ.Бастаубаев азаматтық істердің саны ұлғайып, әкімшілік істердің азайғанын айтты.

Сонымен қатар Ғабит Балтабайұлы БАҚ өкілдерін  Жоғарғы Соттың жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу бойынша пилоттық жобасымен таныстыра отырып, осы бағытта насихатау жұмыстарын жүргізуге атсалысуға шақырды.

Шара барысында журналистерге Жоғарғы соттың интернет ресурстары, сот жүйесіне енгізілген электронды сервистер  туралы толық мәліметтер берілді.

Өз кезегінде журналистер қоғамның қызығушылығын тудырған істер, сыбайлас жемқорлық, әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты істер, «Рақымшылық туралы» ҚР Заңымен жазадан босатылған тұлғалар туралы сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар ала алды.

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі