Маңғыстау облыстық сотында жаңадан тағайындалған судья таныстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық сотының төраға міндетін атқарушы Ержан Қарабаев Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Алтай Қонысовты ұжымға таныстырды.

Іс-шараға Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Ө.Садықов, судьялар мен кеңсе қызметкерлері, сондай-ақ өңірдің құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Әкімшілік соттың жаңа судьясы Алтай Сембайұлы бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі талдау және жоспарлау бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

Жас судьяны жаңа тағайындаумен құттықтаған Ержан Өсерханұлы өз сөзінде оған судья атағына кір келтірмей абыройлы еңбек етуге тілектестігін білдірді, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда жемісті еңбек етуге шақырды.

Источник: 
Пресс-служба Мангистауского областного суда