Әскери соттың төрағасы С.Абдолла ұжымға азаматтық істер жөніндегі алқасының жаңа төрағасын таныстырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Іс-шараға судьялар мен әскери құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Президенттің Жарлығына сәйкес, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы лауазымынан босатыла отырып, Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы лауазымына Ахметжанов Ербол Ұлатайұлы тағайындалды.

Сот төрағасы Сәкен Абдолла өз сөзінде, жаңа алқа төрағасын тағайындалуымен құттықтап, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы сот төрелігін жүзеге асыру жұмысында сәттілік тіледі.

Ахметжанов Ербол Ұлатайұлы 1965 жылы дүниеге келді.

1990 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

2005-2009 жылдары – Алматы гарнизоны әскери сотының судьясы

2009-2014 жылдары – Алматы қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық әскери сотының судьясы.

2014 жылдан бастап қазіргі күнге дейін Астана қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы қызметін атқарған.

Қайнар: 
Әскери соттың баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар