Қостанайда ювеналдық сот республикалық «Асыл бала» Ассоциациясының филиалымен өзара іс-қимыл жөніндегі меморандум бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты және республикалық «Асыл бала» Ассоциациясының филиалы өзара іс-қимыл жөніндегі меморандум бекітті.

Меморандум бекітудегі негізгі мақсат – кәмелеттік жасқа толмаған балалардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау мәселесі аясында ортақ шаралар ұйымдастыру болып табылады.

Тараптар балалардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға ықпал етіп, тұрғындар арасында ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізуге және кәмелеттік жасқа толмаған балалардың құқығы мен мүдделерін қорғау мәселесі бойынша тиімді тәжірбиемен бөлісуде ортақ қызығушылық танытып отыр.

Меморандумға қол қойған ювеналдық сот төрайымы Айзада Жәнібекова кәмелетке толмаған балалардың, оның ішінде, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығына зәру ұрпақтың құқығы мен мүдделерін қорғау мәселесінде мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара бірігіп жұмыс істеуінің маңызды қадам екенін атап өтті. Сонымен қатар, бекітілген меморандум аясында нәтижелі жұмыс істеуге үміт артатындығын білдірді.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі