Қостанай облыстық сотының төрағасы соғыс ардагерлерінің жұбайларымен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қостанай облыстық сотының төрағасы Ғ.Мырзаке және облыстық сот кеңсесінің басшысы Н.Қатарбеков Ұлы Отан соғысының дүниеден өткен ардагерлерінің жұбайлары Сипат Ермұхамбетовамен және Орынша Жолмановамен кездесті. Ұлы Жеңістің 70  жылдығы қарсаңында Қостанай облысының сот қауымдастығы атынан оларға материалдық көмек көрсетілді.

Алдымен Ғ. Мырзаке С.Ермұхамбетованың  көңілін сұрауға барды. Сипат әжей өз естелігімен бөлісті.  

Николай Иванович  соғыс жылдарында Батыс Украинада Ішкі істер  ұлттық комитетінде жұмыс істеген. Соғыс аяқталғаннан соң ұзақ уақыт Қостанай облысы Боровской ауданының ішкі істер органында, Таран ауданының прокуратурасында жұмыс істеген. Кейін Комсомол аудандық сотының судьясы, Федоров аудандық сотының төрағасы болған. Сол жерден құрметті демалысқа шыққан. Зейнеткерлікке шыққан соң  Николай Иванович  Қостанай облысы адвокаттар алқасының мүшесі болды.  

Бүгінде   Сипат Әміржанқызы мен Николай Ивановичтің үш баласы мен жеті немересі бар.

Ардагер Жолманов Ақаш Жолманұлының жұбайы – Орынша Әлкенқызы да қонақтарды қуана қарсы алды.

Ақаш Жолманұлы еңбек жолын прокуратура органдарында бастаған, сол жерден Қызыл Әскер қатарына шақырылып,  Ленинград қоршауда қалған кезде оны қорғауға қатысқан Волхов майданына түскен. Осы жерде ардагер «Ленинградты қорғағаны үшін»  медалін алған. 1944 жылдың қаңтарына дейін 14-әуе әскері Ленинградты қорғауда болған. Кеңес әскері шабуылға шыққаннан кейін, олардың әскерін Ленинград майданы құзырына берген. Соғыста ержүрек ардагер Кенигсбергке дейін жеткен.  

Ақаш Жолманұлы соғыс аяқталған соң құқық қорғау органдарында жұмысын жалғастырған. Кейін Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы болып сайланып, сол қызметтен құрметті демалысқа шыққан соң туған өлке – Қостанайға оралған. 

Ұлы Отан соғысының және сот жүйесінің ардагерлерінің абыройлы өмір жолы – олардың туған-туыстарының ғана емес, Қостанай облыстық соты қауымдастығының мақтанышы.

Өз кезегінде кемел азаматтардың жұбайлары көрсетілген ықыласқа ризашылықтарын білдірді. Олар үлкейген шақта кейінгі ұрпақ ықыласы ерекше маңызды екендігін атап өтті. 

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі