Қазақстан Республикасының жаңа әкімшілік құқықбұзұшылық туралы Кодексінің негізгі ережелері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Қылмыстық заңның және қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделіне, жетілдірілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға және қылмыстық жазаларды атқару жүйесіне көшу жөніндегі бірыңғай мемлекеттік іс-қимыл жоспарын іске асырудың шеңберінде судьяларды жаппай оқыту жалғастырылуда.

Бүгін Жоғарғы Сот бейнеконференцбайланыс арқылы облыстық және оған теңестірілген соттармен «Қазақстан Республикасының жаңа әкімшілік құқықбұзұшылық туралы Кодексінің негізгі ережелері» тақырыбына бейнелекцияны өткізді. 

Ұйымдастырылған бейнелекция Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық атқару кодекстерінің және Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің новеллаларын зерттеуге арналған лекциялар циклында бесінші болып табылады.

Өткізілген бейнелекцияда Жоғарғы Соттың судьясы Ноздрин В.В. жаңа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексітің кейбір нормаларын түсіндіру туралы жергілікті соттар судьяларының сұрақтарына жауап берді.

Источник: 
Жоғары Соттың Баспасөз қызметі