Қайрат Мәми Қазақстандағы Германия Федеративтік Республикасының Елшісімен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми Қазақстандағы Германия Федеративтік Республикасының Елшісі Рольф Мафаэлмен кездесті.

Кездесу барысында Жоғарғы Сот Төрағасы Қазақстан Республикасы мен Қазақстанның Еуропалық Одақтағы негізгі серіктестерінің бірі – Германия Федеративтік Республикасы арасында қол жеткізілген өзара қарым-қатынас деңгейін атап өтті. «Осы жылы біз екі елдің арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 25 жыл толғанын атап өтетін боламыз. Осы жылдар ішінде өзар байланыстың кең ауқымы бойынша екі жақты қарым-қатынасты қарқынды нығайту мақсатында берік саяси мәмілеге қол жеткіздік» - деді Қ.Мәми.

Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы әңгіме барысында меймандарға Президент Н.Назарбаев жариялаған «100 нақты қадам – баршаға арналған заманауи мемлекет» Ұлт Жоспары шеңберінде сот жүйесін реформалау шеңберінде жүргізілген жұмыстардың нәтижелері туралы айтып берді. Айталық, инвесторлардың қатысуымен дауларды шешудің тетіктерін жетілдіруге айрықша назар аударылды. 2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында инвестициялық дауларды қарайтын мамандандырылған алқа құрылып, нәтижелі жұмыс атқарып жатқандығын атап өткен жөн. 

Кездесу соңында тараптар екі елдің жоғарғы сот органдарының ынтымақтастығын одан әрі жалғастырудың тәжірибесімен, ақпаратпен және жетістіктермен өзара алмасуға тиімді жағдай жасау тұрғысындағы маңыздылығын атап өтті.

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі