Қарағанды облыстық сотының судьялары «Ашық есік күнін» өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облыстық соты Октябрь ауданының №2 аудандық сотында сот билігіне халықтың сенімін нығайту мақсатында «Ашық есік күнін» өткізді.

Азаматтарды қабылдауды облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ерден Әріпов, облыстық соттың судьясы Бауыржан Қилыбаев, облыстық сот кеңсе басшысының орынбасары Дархан Ахашов, Октябрь ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Шәріп Сейсембаев жүзеге асырды.

Іс-шараға 20-дан астам азамат, сондай-ақ, аудан прокуратурасының, ІІБ-нің өкілдері, адвокаттар және жергілікті ұйымдардың қызметкерлері қатысты.

Тұрғын-үй құқықтық қатынастарын қозғайтын мәселелер басым болды. Өңір азаматтары прокуратура өкілдерінен қамауға алу туралы, белгілі бір баптар бойынша қылмыстарды саралауға қатысты сот тәжірибесі, сонымен қатар мемлекеттік органдар арасындағы алдағы уақытта электронды құжат айналымының орнатылуы жөнінде қызығушылық білдірді.

Үш азамат жұмысқа қайта алу туралы өздерінің пайдасына шығарылған сот шешімдері, сонымен қатар аудан кітапханасымен бірлесіп жүргізілген іс-шаралар үшін алғыстарын білдірді.

Барлық сұрақтар бойынша толық жауап берілді. 

Источник: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі