Қарағанды облыстық соты мен «Соттық репортерлар гильдиясы» ҚБ өзара ынтымақтастық туралы Меморнадумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 19 қаңтарында Қарағанды облыстық соты мен «Соттық репортерлар гильдиясы» ҚБ арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Келісімге Судьялар одағы Қарағанды филиалының төрайымы Н. Кузнецова, Қарағанды облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Б. Нұрпеисов және «Соттық репортерлар гильдиясы» ҚБ өкілі И. Московка өз қолдарын қойды.

Осы шекті келісіммен Қарағанды облысы соттарының қызметін жариялауға, сонымен қатар сот төрелігін жүзеге асыру мәселелері бойынша ынтымақтастық пен өзара әрекеттестікті нығайту саласындағы негізгі бағыттар анықталды.

Меморандумда көрсетілген өзара ынтымақтастықтың нысандары: тараптардың қызметіне қатысты және екі жақтың да мүддесін білдіретін мәселелер бойынша кеңес; осы Меморандумның мақсаттарына жетуге бағытталған ортақ іс-шараларды жоспарлау (баспасөз конференциялар, брифингтер, «дөңгелек үстелдер», кеңестер, семинарлар және т.б.).

Сот жүйесі мен БАҚ өкілдері Меморандумға қол қою жалпы ынтымақтастық пен өзара әрекеттестікті нығайтады.

Источник: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі