Жамбыл облыстық соты мен «Соттық репортерлер гильдиясы» ҚБ өзара ынтымақтастығы жөніндегі Меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жамбыл облыстық соты мен «Соттық репортерлер гильдиясы» ҚБ облыс соттарының қызметін жарықтандыру сұрақтары бойынша өзара әрекеттесуді нығайтуға бағытталған сонымен қатар сот төрелігін жөнелту сұрақтары бойынша өзара ынтымақтастығы жөніндегі Меморандумға қол қойды.

Меморандумға Жамбыл облыстық сотының атынан Жамбыл облыстық сотының БАҚ пен іс-қимылды өзара үйлестіруші судьясы Сыздықова  Гүлнар Коминтернқызы, Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының Жамбыл филиалының төрайымы Сұлтанова Тахмина Сәбитқызы, «Соттық репортерлер гильдиясы» ҚБ өкілі Галина Выборнова қол қойды.

Тараптар соттар және судьялардың жұмысы, сот ісін жүргізу қағидалары, дауларды (жанжалдарды) сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттары жайында жұртшылық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, өзара ынтымақтастыққа қатысты бірлескен кеңестердің, баспасөз-конференцияларын, брифингтер, кездесулер, дөңгелек үстелдер және семинарлардың өтуін ұйымдастыруға келісім білдірді.

Кездесудің қатысушылары, Меморандум облыс соттарымен және «Соттық репортерлер гильдиясы» ҚБ арасына өзара тиімді негіз салатынын, сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз етіп, керекті ақпаратты жедел түрде және Жамбыл облысы соттарының қызметі жайында анық мәлімдемелер алуға болысатынын атап айтты.

Қайнар: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі