Елордалық жол полициясы инспекторына қатысты сот процесі басталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 311-бабының 2-бөлігімен қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылған бұрынғы полиция қызметкері Е-ге қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы басталды.

Тергеу амалдарын жүргізуде белгілі болғандай, МАИ қызметкері өзінің қызметтік міндеттерін атқару барысында құжаттарды тексеру үшін автокөлікті тоқтатып, жүргізушінің мас күйінде көлікті басқарғанын анықтаған.Сол арада полиция қызметкері заңсыз материалдықпайда табу мақсатын көздей отырып, жүргізушіден 50000 теңге талап еткен.

Осы қылмыстық іс бойынша сот отырысы 2014 жылдың 17 қарашасына шегерілді

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі