Батыс-Қазақстан облыстық сотының сот алқасының төрағасы Қ.Адранов Жаңақала және Бөкейорда ауданының тұрғындарымен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қайрат Адранов жұмыс сапарын жасап, Жаңақала және Бөкейорда аудандарында жергілікті тұрғындармен және аудан активтерімен кездесті.

Шара реформалардың сот төрелігін жүзеге асырудағы тиімділігі және сот жүйесінде орындалуы, сонымен қатар сот корпусының алдын қойған тапсырмаларымен халықты хабардар ету мақсатында ұйымдастырылды.

Алғашқы күн жартысында алқа төрағасы Жаңақала ауданының тұрғындарымен кездесіп, екінші жартысында Бөкейорда ауданына барды. Кездесуге прокуратураның, ІІБ-нің, ҮЕҰ-нің, қоғамдық бірлестіктің өкілдері, кәсіби емес медиаторлар және БАҚ қатысты.

Халықпен кездесу барысында Қайрат Адранов Ұлт Жоспары аясында сот реформалары табысты жүзеге асырылуы үшін, судьялардың VII-съезінде Елбасы жүктеген міндеттерді орындау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуі қажеттілігін көрсетті. «Медиация заңы туралы»  заңының қолдану аясын кеңейтуіне ерекше назар аударып, азаматтардың сот шығындарын азайту, соттан тыс дауды реттеуде халықтың мүдделілігін анықтау басты міндеті болып табылатынына тоқталды. Жаңа заңдар туралы хабардар етіп, іс жүргізуді оңайлату мақсатында және сот төрелігін тиімді жүзеге асыруда, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық механизмі жайлы түсіндірді.

Сапар барысында алқа төрағасы екі аудан соттарында азаматтарды қабылдап кездесу өткізіп, сол уақытта оған бес аудан тұрғыны жүгінді, барлық сұрақтарға тиісті жауаптар түсіндірілді.

Сонымен қатар Қ.Адранов кеңсе жұмысымен, материалдық-техникалық жабдықталу базасымен танысып, «Сот кабинеті» сервисін қолдану жұмыстарына ерекше көңіл бөлді. Судьялармен және сот қызметкерлерімен жұмыс кеңесін өткізіп, онда туындаған проблемаларды уақытылы жоюды көрсетіп,  іс жүргізу Нұсқаулығын қатаң сақтап, өз уақытында хабарламаны және сот актілерін табыстауды, сонымен қатар сот актілерін орындауды қадағалауды тапсырды. 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі