Балқаш қаласының көші-қон полиция бөлімінің бұрынғы бастығы 1 млн теңге айыппұл төлейді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Балқаш қалалық сотында қалалық ішкі істер бөлімінің көші-қон полиция бөлімінің бұрынғы бастығы Е.Тоқмағамбетовке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша Өзбекстан Республикасынан көшіп келген екі азамат жұмыс істеуге рұқсат алу үшін Е.Тоқмағамбетовтің көмегіне жүгінген. Бұл мәселелені шешу үшін Е.Тоқмағамбетов 20 000 теңге көлемінде пара алған.

Аталған соттың 2015 жылғы 26 мамырдағы үкімімен Е.Тоқмағамбетов ҚР ҚК-нің 366-бабының 1-бөлімімен кінәлі деп танылды. Оған мүлкін тәркілеумен және мемлекеттік қызметпен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, 1 000 000 теңге көлемінде айыппұл төлеу түріндегі жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі