Астана және Алматы тұрғындары Атырау қаласына сату мақсатында 30 кг марихуана тасымалдағандары үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Полиция қызметкерлері Атырауқаласына кіре берісте Астана және Алматы қалаларының екі тұрғынын ұстады.Автокөліктердің жүк салатын бөлігін тексеру кезінде ішінде 3 полиэтилендік пакетте жалпы салмағы 30 килограмм кептірілген марихуана табылды.

Қазақстан Республикасының ҚК-нің 297 бабының 3 бөлігінің 1,3 тармақтарымен (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен аса iрi мөлшердегі есірткі өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау) айыпталып ұсталған қылмыстық істі Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.

Басты сот талқылауында сотталушылардың кінәсі сот тергеуінде зерттелген дәлелдемелермен, куәлардың жауаптарымен, стенограмма және ұялы телефонмен сөйлескен дыбыс жазбалармен, А.-ның ішінара мойындауымен дәлелін тапты.

Сот А. және Д.-ны Қазақстан Республикасының ҚК-нің 297 бабының 3 бөлігінің 1,3 тармақтарымен көзделген қылмысты жасағандары үшін кінәлі деп танып, әрқайсысының мүлкі тәркілене отырып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, жаза өтеу орны ретінде ретінде ҚАЖ қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесі (қатаң режимі) белгіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі