Ардагерлерді құрметтейміз және алғыс білдіреміз!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы соттары Ұлы Жеңістің 70-жылдығын атап өту және соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету барысында іс-шараларды белсенді өткізуде.

Облыстық соттың мұражайында Ұлы Отан соғысына қатысушы-судьяларға арналған Жауынгерлер Даңқ залы ашылды. Ақмола облысының 24 майдангер-судьялсы туралы республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарияланды. Сот қызметкерлері тыл және соғыс ардагерлері арасындағы шахмат пен дойбы ойындарынан Облыстық чемпионатты ұйымдастыруға қатысты.

Жеңіс күні қарсаңында Ақмола облыстық сотының бастамасымен «Ардағым - ардагерім» атты қайырымдылық шара өткізілд. Ұлы Отан соғысының ардагерлері И.И.Шапошников, А.Л.Шаповалов және тыл еңбеккері Л.П.Кучинамен арнайы кездесті.

 Ардагерлермен соғыстағы және соғыстан кейінгі өмірлері, жауынгерлердің ерлігі және өсіп келе жатқан ұрпақтың патриотизмі туралы әңгіме өрбіді. Ақмола облысы судьялары атынан ардагерлерге сыйлықтар мен материалдық көмек көрсетілді.

Соғыс ардагері Шапошников Игнатий Ильич 97 жасқа толды. Соғыстың бірінші күнінен Игнатий Ильич Брест қаласының маңайында соғысқан. Ол Батыс әскери округінде соғысып, 1941 жылы алғашқылардың өзіне соғыс отын қабылдағандардың қатарында болды. Ол соғыс жылдары артиллерист болған. Соғыстан Отанына 1946 жылы оралған. «Германияны жеңгені үшін» медалімен және басқа да әскери марапаттарға ие болған.

Соғыстан кейін Игнатий Ильич мал дәрігері, Көкшетау облыстық мал дәрігерлік лаборатория бөлім бастығы болып қызмет істеген, «Қазақ ҚСР еңбек сіңірген мал дәрігері» атағына ие болды. Республика алдындағы қызметі үшін басқа да медальдармен марапатталған.

Соғыс ардагері Шаповалов Алексей Лаврентьевич соғысқа 17 жасынан аттанып, сержант, жауынгер-автоматшы болды. Жапониядағы соғысқа да қатысқан. Соғыстан кейін Германияда барлау қызметінде болған. 1951 жылы туған жері Қазақстанға оралған. «Жапонияны жеңгені үшін» медаліне және басқа да марапаттарға ие болған. Соғыстан кейін Көкшетау механикалық зауытында машинист болып жұмыс істеді. Биыл 89 жасқа толды.

Тыл еңбеккері Кучина Любовь Павловна 14 жасынан бастап почтада жұмыс істеген майданға хаттар және сәлемдемелерді жіберіп отырған. Отбасына қамқорлығы және аудандық почтадағы ауыр жұмысы жас қыздың жауапкершілігінде болды. Оның қолынан соғыстағы солдаттардың хаттары өтті.

Н. Әбдіқанов ардагерлерге зор денсаулық және ұзақ өмір тіледі! Оларға Жеңіс үшін алғыс айтты!

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспсөз қызметі