Ақмола облыстық сотының төрағасы БАҚ өкілдерімен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов «Сот жүйесін жетілдіру бойынша тапсырмаларды іске асыру және Ақмола облысы соттарының 2015 жылғы қорытынды жұмысы туралы» тақырыбында журналистермен кездесу өткізді.

Облыстық соттың төрағасы облыс судьялар корпусының жұмысы Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарындағы заң үстемдігін қамтамасыз ету бөлігіндегі сот жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша тапсырмаларды іске асыруға бағытталған деп атап өтті.

Н.Әбдіқанов жаңартылған заңнамалар туралы айтты. Ол сот ісін жүргізу тәртібін, алқа билер сотының қолдану саласы, тергеу судьясының өкілеттілігі, ағымдағы жылдың қаңтар айынан жұмысына кіріскен облыстық соттың жаңартылған құрамы және апелляциялық сот ретіндегі қызметі, сот актілеріне шағым беру мерзімдерінің өзгеруі туралы, татуласу рәсімдері туралы, барлық сот процестеріне аудио және бейне жазу шараларын міндетті түрде енгізу және басқа да өзгерістер жөнінде толық түсіндіріп берді.

Облыстық соттың төрағасы 2015 жылға облыс соттарының жұмыс қорытындысы бойынша көрсеткіштерді айтып өтті. Мәселен, 2015 жылы Ақмола облысы соттары 64 720 азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер мен материалдар қарады, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 7 280 іске көп.

Н.Әбдіқановтың айтуы бойынша соттарда қаралатын істердің санының ұлғаюы азаматтардың өтініштері мен дауларын қарау кезінде және бұзылған құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы шешілуінен және құқығының қорғалуынан азаматтардың сотқа деген сенімінің артқанын көрсетеді.   

Былтырғы жылмен салыстырғанда бітімгершілік келісімге келіп, істі тоқтатқан азаматтық істердің саны 18,1%-ға ұлғайған, жәбірленушімен сотталушының татуласуына байланысты сот ісін жүргізуді тоқтатқан қылмыстық істердің саны 8,7%-ға ұлғайды. Медиатордың қатысуымен                    68 қылмыстық және 52 азаматтық іс қаралды.

2015 жылы облыс соттары 1 473 адамды соттады (2014 жылы 984 адам сотталды), 37 – ақталды (24).

Ақмола облысының тергеу судьяларымен санкция беру туралы 933 өтініш және қылмыстық қудалау органдарының әрекетіне байланысты 84 шағым қаралды. 

2015 жылы құқық қорғау, мемлекеттік және басқа да органдардың атына 766 жеке қаулылар шығарылды. Жүргізілген талдауға сәйкес жеке қаулылар материалды және сот ісін жүргізу кезінде бұзу, сарсаңға салу, немқұрайлық пен жоғарыдағы аталған органдардың басшылары мен қызметкерлерінің кәсіби міндетін орындау кезінде жауапсыз қарау фактілері бойынша шығарылған.

Облыстық сот төрағасының айтуынша облыстық соттар сот отырыстарын аудио және бейне тіркеудің жетілдірілген жүйелерімен жабдықталған. 

Облыс соттары сот ісін жүргізуде электрондық технологияларды қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде. Көкшетау қаласының қоғамдық орындарында, яғни  Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, вокзалда және сауда орталығындағы азаматтарға қолайлы жерлерде «Сот кабинеті» және «Сот кабинетінің мобильді нұсқасы» электрондық сервистерінің қызметтері туралы ақпараттық баннерлер орнатылды. Көкшетау қаласының орталығында азаматтар үшін қаланың басты көшелерінде «Сот кабинеті» электрондық сервисінің қызметі туралы билборд орнатылған. Соттарда азаматтар үшін барлық жағдай жасалған, электрондық құжаттарды жолдау үшін компьютер техникасымен жабдықталған үстел қойылған.

Кездесу қорытындысы бойынша журналистердің барлық сұрақтарына толық жауап берілді. 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі