Ақмола облыстық сотының судьялары жаңа қылмыстық заңнаманың қолдануын талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық соты «Жаңа қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамалары қағидаларын қолданудағы кейбір мәселелер» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

«Дөңгелек үстел» жұмысына Ақмола облыстық сотының судьялары, облыстық прокуратура, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің, облыстық және Көкшетау қаласының ішкі істер департаменті, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері қатысты.

Шараға қатысушылар бірінші сот сатысында қабылданған сот актілерінің күшін жоюына және өзгертілуіне негіз болатын сотқа дейінгі тергеу органдары тарапынан жіберілетін қателіктер мен кемшіліктерді талқылады.

«Дөңгелек үстелдің» жұмысын бастаған қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрайымы Ж.Бердіғұлова «Сотта келісілген өндірістегі қылмыстық істерді қарау ерекшеліктері» тақырыбындағы баяндамасында іс жүргізу келісімі мен тергеу судьяларының институты бойынша жаңа қағидалардың енгізілуі туралы толығырақ айтып өтті.

«Дөңгелек үстелде» қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының судьясы Р.Даминов «Тергеу судьяларының Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларын қолдану тәжірибесін талдау» тақырыбында баяндама жасады. Сотқа дейінгі тергеу органдары жіберетін қателіктер мен кемшіліктер апелляциялық және кассациялық тәртіптер сот актілерінің күшін жоюға және өзгертілуге негіз болатыны туралы облыстық соттың судьялары Т.Қасымов, К.Сәбдин және А.Жакулин сөз сойледі.

Іс-шараға қатысушылар баяндамаларды талқылап, көтерілген мәселелер бойынша ұсынымдар әзірледі.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі