4 қыркүйекте ШЫҰ мүше-мемлекеттер Жоғарғы соттары төрағаларының тоғызыншы кеңесі өтеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылғы 4 қыркүйекте сағат 09.00-де Астана қаласында Тәуелсіздік Сарайында Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше-мемлекеттер Жоғарғы соттары төрағаларының тоғызыншы кеңесі өтеді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Ә.Мәми, Қытай Халық Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Чжоу Цян, Рессей Федерациясы Жоғарғы Сотының Төрағасы В.М.Лебедев, Қырғыз Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Ф.З.Джамашева, Тәжікстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Н.Абдуллозода, Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Ш.А.Газиев, ШЫҰ бас хатшысы Д.Ф.Мезенцев, Атқарушылық комитетінің ШЫҰ терроризімге қарсы аймақтық құрылымы директорының орынбасары Т.Д.Мұсабаев қатысады.

Отырыста соттар қызметін жетілдіру мен бағалау, судьяларды іріктеу мен тағайындау, сот төрелігінің ашықтығы, сот өндірісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану мәселелерін, сондай-ақ сот төрелігін жүзеге асырудың бірқатар практикалық мәселелерін талқылау жоспарланған. Терроризммен күрестегі жоғарғы сот судьяларының рөлі жеке семинар аясында қаралатын болады.

Отырыс қорытындысы бойынша ШЫҰ-ға мүше елдердің Жоғарғы Сот Төрағаларының құқық үстемдігін бірлесе ілгерілету, сондай-ақ адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау мақсатында Өзара іс-қимыл мен серіктестікті күшейту жөніндегі бірлескен мәлімдемесіне қол қойылады деп күтілуде. 

Іс-шараға қатысу үшін БАҚ өкілдері шақырылады. БАҚ өкілдерінің аккредитациясы 2014 жылғы 29 тамызда сағат 15.00-ге дейін 74-76-09; 74-76-86 телефондары және pressa@supcourt.kz электрондық мекен-жайы арқылы жүргізіледі.

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі