Жамбыл облыстық соты мен «Татуласу» мәміле орталығының басшылары Ынтымақтастық туралы меморандум жасасты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер бойынша алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков пен «Татуласу» мәміле (медиация) орталығының төрағасы Нұрлыкүл Амирова Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат даулар мен шиеленістерді сотқа дейін және соттан тыс реттеуді жан-жақты қолдану бойынша өзара іс-қимылды, татуластыру рәсімдерін насихаттауды көздейді. Меморандум қоғамдағы шиеленісуді азайтуға бағытталған.

Ж.Рүстембеков дауды шешудің балама әдіс-тәсілдерін қолдануды кеңейту туралы айта келе, азаматтардың сотқа жүгінулерінің артқанын атап өтті.

Спикердің пікірінше, әсіресе некені бұзу істерінде, жастардың арасындағы дауларда араздасқан тараптарға бейтарап жақтың ықпалы қажет. «Медиаторлар, психологтар және билер осындай қиын жағдайларда тараптарды өзара түсіністікке, сыйластыққа, мәмілеге және мейірімді болуға шақыра алар еді», - деп атап өтті.

Ж.Рүстембеков сотқа түскен, медиаторлар мен билердің қатысуымен сотқа дейін және сотта шешілген істер туралы статистикалық деректерді  келтірді.

Кездесуге қатысушылар осы жұмыстарды жандандыру мақсатында жергілікті атқарушы органдармен, әкімдіктермен, қоғамдық бірлестіктермен ынтымақтастық туралы меморандум жасасу қажеттігі туралы ойларымен бөлісті.

Источник: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі