Жоғарғы Сотта сот органдарының Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимыл мәселесі талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Жоғарғы Сотта Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы І.С.Испанов «Алмэкс» Холдингтік топ» АҚ-ның Басқарма Төрағасы және «Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының» өкілі М.Т. Есенбаевпен және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Р.С.Енсебаевпен сот органдарының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесуге Қаржы министрлігінің, Ұлттық Банк және басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері де қатысты.

Қатысушылар соттардың «электронды үкімет» порталының төлем шлюзімен және екінші деңгейлі банктермен  азаматтардың мемлекеттік баж салығы мен соттар салған әкімшілік айыппұлдарды төлеуі туралы мәліметтерді алу тұрғысында, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдармен ақпараттық өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Талқылау барысында Жоғарғы Сот пен Қаржы министрлігінің мемлекеттік сатып алудың әлеуетті жеткізушілерін жосықсыз қатысушылар деп тану және оларды тізілімге енгізу туралы заңды күшіне енген сот шешімдерін сот органдарының құру және беру бойынша ақпараттық өзара іс-қимыл мәселесі де қаралды.

 Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда «Азаматтық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заң жобалары Парламент Сенатының қарауында жатыр. Аталған заң жобалары арқылы банктерге бюджетке төленген төлемдер, міндетті зейнетақы жарналарын және кәсіби зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аудару туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерге төлемді «Электрондық үкімет» порталының төлем шлюзі арқылы төлеу туралы деректер мен ақпараттарды беруге мүмкіндік беретін өзгерістер енгізу көзделген.

Заң жобасы арқылы ұсынылып отырған механизм электрондық сот iсiн жүргiзудің мүмкіншіліктерін ұлғайтады, соның ішінде «Сот кабинеті» қызметі арқылы қазынашылық растауды күтпестен, соттар үшін бюджетке мемлекеттік баж салығының түсуін жедел тексеруге мүмкіндік береді.

Источник: 
ҚР Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі