Жоғарғы Сотта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты жиын болып өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Жоғарғы Сотта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты жиын болып өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылық құрамы мен қызметкерлері қатысты.

Департамент басшысы І.Испанов жиналғандарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтай отырып,  Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Мемлекет басшысының рөлі зор екендігін атап өтті. Тұңғыш Президентіміздің салиқалы саясатының арқасында «Қазақстан – 2030» Стратегиясы мерзімінен бұрын іске асты. Қазіргі таңда елімізде әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруді көздейтін «Қазақстан – 2050» Стратегиясында қойылған міндеттерді орындау бағытында қарқынды жұмыстар атқарылуда.

Салтанатты жиынға қатысушылар егеменді Қазақстанның Тұңғыш Президентіне арналған «Жасампаздық жолында» атты деректі фильмді тамашалады. Фильмді Президенттің телерадиокешені түсірген.

Салтанатты жиын Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлеріне марапат пен үздік белгілер тапсыру рәсімімен жалғасты.

Көп жылдық, жемісті және мінсіз еңбегі, сот-құқықтық жүйесінің дамуына қосқан қомақты үлесі үшін Сапар Құсайыновқа ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалі берілді.

Қарлығаш Әубәкірова мен Тілеулі Бекбосын ІІ дәрежелі «Сот жүйесінің үздігі» төс белгісімен марапатталды.

Іс-шара соңында Департаменттің бірқатар қызметкерлері салтанатты жағдайда мемлекеттік қызметші антын қабылдады. 

 

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының Баспасөз қызметі