Жоғарғы Сот жекелеген санаттар бойынша дауларды (шиеленістерді) сотқа дейін міндетті реттеуді енгізудің пилоттық жобасын іске қосты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қолданыстағы бітімгершілік рәсімдердерді дамыту дауларды реттеу және азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдірудің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Республика судьяларының VII съезінде Мемлекет басшысының берген тапсырмасын жүзеге асыру үшін медиацияны қолдану салаларын одан әрі кеңейту мақсатында жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу міндеттілігі бойынша Жоғарғы Сот пилоттық жобаны іске қосты.

Пилоттық жобаны іске асыру жөніндегі тиісті ереже Жоғарғы Сот Төрағасының өкімімен бекітілді.

Жоба шеңберінде мұрагерлік, некені бұзу, мүлікті бөлу, шығару және кондоминиум басқару мәселелері, қарыз шарттарға қатысты, кейбір еңбек даулары және т. б. санаттағы даулар (жанжалдар) бойынша медаицияны міндетті түрде жүргізу қамтылатын болады

Пилоттық жоба кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық, мамандандырылған ауданаралық экономикалық және азаматтық істерді қарайтын аудандық және оларға теңестірілген соттарда жүзеге асырылады.

Пилоттық жоба шеңберінде соттар тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, атап айтқанда, сот ғимараттарында ақпараттық стендтер орналастырылған, жергілікті соттардың интернет-ресурстарында пилоттық жобаны іске асыру барысы туралы ақпарат жарияланды.

Жоғарғы Сот Қазақстан халқы Ассамблеясымен арада қол қойған Меморандум шеңберінде медиация институтын дамыту бойынша, баламалы және өзге де соттан тыс дауларды шешу тәсілдерін, атап айтқанда, қоғамда жанжал денгейін төмендетуге ықпал ететін медиацияны енгізу және дамыту бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыруда, тұрғындар арасында сотқа дейінгі іс жүргізу және дауларды (жанжалдарды) соттан тыс реттеу институттары туралы, оларды қолдану артықшылықтары, нотариустың атқару жазбасын жасау арқылы коммуналдық қызмет берешегі сомаларын өндіріп алу рәсімін жеңілдету туралы түсіндіру жұмыстары жүргізуде, отставкадағы судьяларды тарта отырып, медиация кабинеттері ашылуда.

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі