Жоғарғы Сот судьяларды қашықтықтан оқытуды жалғастыруда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін  Жоғарғы Соттың судьясы Дүйсен Тұмабеков «Ие болу мерзіміне байланысты меншік құқығын тану» тақырыбында дәріс өткізді.

Бейнеконференция арқылы өткен іс-шараға республикамыздың барлық өңірлерінің жергілікті соттарының судьялары қатысты. Барлығы шамамен 160 адам.

ҚР АІЖК-нің 240-бабына сәйкес, мүлiктiң меншiк иесi болып табылмайтын, бiрақ өзiнiң жеке қозғалмайтын мүлкiндей жеті жыл бойы, не өзге мүлiктi кем дегенде бес жыл адал, ашық және ұдайы иеленген азамат немесе заңды тұлға ол мүлiкке меншiк құқығына (иелену мерзiмiне) ие болады.  Иелену мерзімінің өтуі затты иеленген сәттен басталады.

Дәріс беруші иелену мерзімі бойынша меншік құқығын тану туралы талап арыздарды қанағаттандыруға мүмкіндік беретін жағдайларға түсініктеме берді. Осы санаттағы істердің ұқсас құқықтық қатынастардан туындайтын істерден, мәселен мүлікті заңдастыру жолымен немесе өз еркімен салып алған құрылысқа меншік құқығын тану туралы істерден айырмашылығын түсіндірді.

Одан әрі тыңдаушылардың құқық қолдану тәжірибесіне қатысты сұрақтарына он-лайн режимінде жауап берілді.

Источник: 
ҚР Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі